Холдинг туралы

«Eurasian Foods Corporation» холдингі – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің азық-түлік өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы және маңызды кәсіпорындарының бірі, ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 140 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.

 

Холдинг Қазақстан Республикасы азық-түлік өнеркәсібінің аса ірі екі кәсіпорнынан: Алматы қ. «Eurasian Foods Corporation» АҚ және Қарағанды қ. «Eurasian Foods» АҚ тұрады.

 

«Eurasian Foods Corporation» АҚ
Алматы қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы
«EurasianFoods» АҚ
Қарағанды қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы

«Eurasian Foods Corporation» Қазақстандағы ең кең тараған және танылған:

 

 

Жалпы алғанда, «Eurasian Foods Corporation» холдингі 200-ден астам өнім түрінің сұрыптамасын:  маргариндерді, майонездерді, кетчуптерді, тұздықтар мен астатымдарды, күнбағыс майын, табиғи сары май және спредтерді, сондай-ақ өнеркәсіптік өңдеуге арналған мамандандырылған маргариндер мен майлар желісін ұсынады.  

 

«Eurasian Foods Corporation» холдингі жұмысының басты қағидаты өнім сапасын тұтынушының ықыласына бейімдей отырып тұрақты түрде арттыру және оны өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта компанияда біріктірілген менеджмент жүйесінің саясаты әзірленген, ол келесі талаптарға сәйкестігіне сертификатталған:

  • сапа менеджменті жүйесі – ҚР СТ ИСО 9001:2016, ИСО 9001-2016;
  • азық-түлік өнімдері қауіпсіздігі жүйесінің менеджменті - ҚР СТ ИСО 22000:2019;
  • экологиялық менеджмент жүйесі - ҚР СТ ИСО 14001:2016;
  • кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі - ҚР СТ ISO 45001:2019;
  • өнім қауіпсіздігін басқару жүйелері - FSSC 22000.  

 

Барлық шығарылатын өнім «Халал» стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған.

 

Холдинг кәсіпорындары өндірістің барлық кезеңдерінде: бастапқы шикізатты алудан бастап дайын өнімді шығаруға дейін тұрақты сапа мен қауіпсіздікті бақылау жүзеге асырылады. Бұл үшін зауыттарда заманауи жабдықтармен жабдықталған өздерінің аттестатталған физикалық-химиялық және микробиологиялық зертханалары сәтті жұмыс істейді, негізгі қағидаттары Саясат құжатында мазмұндалған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі енгізілген: Саясат

 

Холдингтің зауыттарында шағын өндірістік қондырғылардан жинастырылған инновациялық зертханалар бар, онда жаңа өнім шығарумен және қолданылып жүрген рецептураларды экологиялық талаптармен қатаң сәйкестікте жетілдірумен айналысатын технологтар командасы тұрақты жұмыс істейді.

 

 

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау мақсатында 2001 ж. бастап тұрақты түрде холдингтің барлық бөлімшелерінде  «American Appraisal» тәуелсіз бағалау компаниясын жұмылдыра отырып, KMPG және «Deloitte» компанияларымен жүзеге асырылатын аудиторлық тексерулер өтеді.

 

Бизнес-процестерді сапалы жүргізу және шығындарды оңтайландыру үшін 2012 ж. бухгалтерлік, салықтық, басқару есептерін және логистиканы автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында май өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген SAP ERP кәсіпорынды басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесін енгізу жобасы іске қосылды.

 

«Eurasian Foods Corporation»  холдингі 2600 жуық адамды жұмыс орындарымен қамтып отыр. Компания персоналдың кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөледі. Қызметкерлердің біліктілігін жұмыс ерекшеліктеріне сәйкес арттыру мақсатында тұрақты түрде Қазақстанда да, шетелдерде де тренингтер, семинарлар мен оқытулар өткізіліп отырады.  Компания қызметкерлері жыл сайын кәсіби аттестациялаудан өтеді. Алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілердің мамандарымен тәжірибе алмасу кәсіпорынға май өнімдерін өндіру саласындағы әлемдік алпауыттармен бір деңгейде болуға мүмкіндік береді.

 

«Eurasian Foods Corporation» холдингі әлеуметтік бағдарланған кәсіпорын болып табылады.  Көптеген жылдар бойы  компания мүмкіндігі шектеулі балаларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, балалар үйлеріне, ауруханаларға, интернаттарға және т.б. көмек көрсетіп келеді.