Холдинг туралы

«Eurasian Foods Corporation» холдингі – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің азық-түлік өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы және маңызды кәсіпорындарының бірі, ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 140 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.

 

Холдинг Қазақстан Республикасы азық-түлік өнеркәсібінің аса ірі екі кәсіпорнынан: Алматы қ. «Eurasian Foods Corporation» АҚ және Қарағанды қ. «Eurasian Foods» АҚ тұрады.

 

«Eurasian Foods Corporation» АҚ
Алматы қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы
«EurasianFoods» АҚ
Қарағанды қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы

Өндірістік алаңның орналасқан аумағы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., қаланың орталық бөлігі.

 

Жалпы ауданы - 4,21 га, оның ішінде өндірістік алаң - 0,916 га.

 

Кәсіпорын меншік жоғары вольтты электр энергиясын бөліп таратудың қосалқы стансасын,  газбен жұмыс істейтін меншік қазандығы мен су алатын меншік ұңғымаларын қосқандағы барлық қажетті энергетикалық инфрақұрылымдар мен коммуникацияларға ие.

 

Көлік міндеттерін қамтамасыз ету үшін зауыт меншік темір жол тұйығымен, вагон-цистерналармен, сондай-ақ изотермиялық вагондармен жарақталған.

 

Шикізатты бір мезгілде сақтауға арналған ыдыстың сыйымдылығы - 4 600 тонна.

 

Зауыттың және филиалдық желілері қойма жайларының ауданы:

 

- Тоңазытқыш қоймалары – 17 289 м²;

- Құрғақ қоймалар – 13 047 м².

 

Кәсіпорын автопаркінде өнімдерді сауда нүктелеріне жеткізуге арналған тоңазытқыш жабдықтармен жарақталған шамамен  380 мамандандырылған автокөлік бар.

 

Жұмыс істейтіндер саны – 1 904 адам, оның ішінде:

 

- жұмысшылар мен қызметкерлер – 587 адам;

- сауда командасы – 1 317 адам.