Холдинг туралы

«Eurasian Foods Corporation» холдингі – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің азық-түлік өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы және маңызды кәсіпорындарының бірі, ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 120 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.

 

Холдинг Қазақстан Республикасы азық-түлік өнеркәсібінің аса ірі екі кәсіпорнынан: Алматы қ. «Eurasian Foods Corporation» АҚ және Қарағанды қ. «Eurasian Foods» АҚ тұрады.

 

«Eurasian Foods Corporation» АҚ
Алматы қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы
«EurasianFoods» АҚ
Қарағанды қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы

 «Eurasian Foods» АҚ өндірісі технологиялық және инженерлік салалардағы дүниежүзілік көшбасшылардан ұсынылған ең озық жабдықтармен жарақталған. «Eurasian Foods» АҚ өндірістік қуаты жылына 110 мың тоннадан астам өнім шығаруды қамтамасыз етеді.

 

Кәсіпорында май шикізатының ерекшелігін және алуан түрлілігін ескере отырып, күрделі және жоғары технологиялы заманауи жабдықтарда іске асырылатын бірнеше қайта өңдеу өндірісі жүзеге асырылады. Нәтижесінде, арнайы ерекше сипаттамаларға ие өсімдік майларының жоғары сапасы және тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.   

 

Зауытта келесі өндірістік үрдістер іске асырылған:

 

- маргариндер, майлар өндіру және бөлшектеп өлшеу;

- спредтерді өндіру және бөлшектеп өлшеу;

- сары майды өңдеу және бөлшектеп өлшеу.

 

Келіп түсетін шикізаттың және ақырғы дайын өнімнің физикалық-химиялық және микробиологиялық параметрлерін бақылауды заманауи жабдықтармен, оның ішінде газды  хроматографпен, ЯМР, Фурье БИК-спектрометрімен және текстураны саралаушымен жабдықталған аттестацияланған меншік сынақ зертханасы жүзеге асырады.