Өнеркәсіптік өңдеу және HoReCa кәсіпорындарына арналған ақпарат

Компания өндірістің маңызды секторы – өнеркәсіптік өңдеуге арналған мамандандырылған маргариндер мен майларға үлкен көңіл бөледі.

 

Қазақстандағы кондитер және нан-тоқаш өнімдерін шығаруға мамандандырылған кәсіпорындарының 70 % астамы «Золотой стандарт» брендімен шығарылатын «Eurasian Foods» АҚ маргариндері мен майларын пайдаланады.

 

Әрбір өнім өзінің мақсатына сәйкес: қабатталған, ашытқылы, дәмделген және үгілмелі қамырға арналған; кремдер мен суфлелерге арналған; салқындататын және вафельді салмаларға арналған; қуырытан майға және т.б. арналған ерекше қасиеттерге ие.

 

«Золотой стандарт» жоғары сапалы мамандандырылған маргариндер мен майларды өндіріс үрдісінде пайдалану: 

 

  • қауіпсіз кондитер тағамдарын шығаруға және оның құрамындағы пайдалы заттардың мөлшерін арттыруға;
  • экономикалық әсерін арттыруға және кондитер өнімдерінің сұрыпталымын кеңейтуге;
  • жоғары сапалық сипаттамаларға ие нан-тоқаш және кондитер өнімдерін жасап шығаруға;
  • дайын өнімді сату мерзімін ұзартуға;
  • өнімнің тұтынушылық қасиеттерін төмендетпей, майдың мөлшері азайтылған рецептура әзірлеуге мүмкнідік береді.

 

Зауыттарда дайын өнімнің қажетті талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында мамандандырылған маргариндерді пайдалана отырып өнімдер пісіру бойынша екі сынақтан өткізетін кондитер телімі жұмыс істейді. Маргариндер мен майларды нақты бір өндірістік үрдіске пайдалану бойынша ұсынымдар әзірленеді, сондай-ақ қажетті тұтынушылық қасиеттері бар жаңа өнімдер әзірлеу үшін инновациялық зертханаларға тапсырмалар дайындалады.

 

Кәсіпорын В2В секторындағы серіктестеріне мамандандырылған технологиялық қолдау көрсетеді:  

 

  • жаңа желілерді іске қосу және жаңа рецептуралар әзірлеу кезінде де, қолданыстағы өндірістік үрдіс бойынша да тегін кеңес береді;
  • көшпелі шеберлік кластары;
  • маргаринді өндірістің технологиялық талаптарына бейімдеу;
  • дербес параметрлері бар маргариндер мен майлар әзірлеу.

 

HoReCa сегментіндегі серіктестерінің қажеттіліктеріне икемді тұрғыдан қарау холдингтің бірегей ерекшелігі болып табылады. Компанияның технологтары дербес тұрғыда қажетті консистенциядағы, майлылықтағы, қышқылдықтағы және дәмдегі майонездер мен кетчуптердің рецептурасын әзірлейді.

 

Сонымен қатар бұл бағытта экономикалық бөлшектеп өлшенген майонездер мен кетчуптер шығару қарастырылған.

Майонез

 

Провансаль, 67%, Провансаль Классический, 57%,

Провансаль HoReCa, 50%,

Завтрак на траве, 25%

Кетчуп

 

Казахстанский,

Классический,

Барбекю