ЖАҢАЛЫҚТАР
ОРАЛДАҒЫ ХОТ-ДОГ ӘЗІРЛЕУ ЧЕМПИОНАТЫ

1 тамыз Орал қаласының Киров атындағы саябағында ерекше кулинарлық сайыс – хот-дог әзірлеу чемпионаты өтті, сайысты барша қазақстандықтардың сүйікті дәміне арналған майонездер, кетчуптер, тұздықтар мен дәмдеуіштердің сұрыпталымдық желісін өндіруші «3 желания» сауда белгісі ұйымдастырған болатын. 

Сайыста кез келген тілек білдіруші өз күшін сынап көруге мүмкіндік алды, ал үздік деп танылған бес қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан құнды сыйлықтарға ие болды:  мультипісіргіш (I орын), асүйлік комбайн (II орын), вафель қалыбы (III орын), блендер (IV орын), сендвич-тостер (V орын).

Қатысушыларға «3 желания» майонезін, кетчупін және қышасын пайдаланып 30 хот-дог әзірлеп, оларды тәрелкеге әдемі орналастыру тапсырмасы берілді. Қатаң төреші – кәсіби аспаз – олардың жұмысын үш өлшем бойынша бағалады: жылдамдық, тағамның әсемдігі, дастарханның тазалығы.  Барлық кезең аяқталғаннан кейін, 1 000-ға тарта әзірленген хот-дог жиналғандардың барлығына тегін таратылып берілді!

 

ОРАЛДАҒЫ ХОТ-ДОГ ӘЗІРЛЕУ ЧЕМПИОНАТЫ ОРАЛДАҒЫ ХОТ-ДОГ ӘЗІРЛЕУ ЧЕМПИОНАТЫ

 

Бұл күні сайысқа жиналғандар көрнекті кулинарлық шоуды тамашалап қана қоймай, әсерлі мерекелік бағдарламаның куәгері болды. Атақты әнші  Jordan мен «Эйфория» шоуы сахнада өнер көрсетті. Ал кішкентай қонақтарды аниматорлар баурап алып, дәмі тіл үйіретін «3 желания» кетчупі қосылған қуырылған картопты тегін таратты.

Сонымен қатар ұйымдастырушылардың көмекке мұқтаж жандарды да назардан тыс қалдырмағанын ерекше атап өту керек. Дәл осы күні «Бәйтерек» мүгедек-балалар қоғамдық бірлестігінің 50-ден аса баласы компания сыйлығына ие болды.

 

Жеңімпаздардың аты-жөндері:

 

I орын – Сандуғаш Өтеғалиева

II орын – Наталья Безьянова

III орын – Аяжан Мақсотова

IV орын – Жанерке Наурызғали

V орын – Айбек Әбілов

 

ОРАЛДАҒЫ ХОТ-ДОГ ӘЗІРЛЕУ ЧЕМПИОНАТЫ ОРАЛДАҒЫ ХОТ-ДОГ ӘЗІРЛЕУ ЧЕМПИОНАТЫ

 

 

   

 

« Артқа