ЖАҢАЛЫҚТАР
Хот-дог даярлаудан Ақтөбеде өткен чемпионат

Қазақстандықтарды тек қана сапалы да дәмді өнімдерімен қуантып қана қоймай, сан түрлі сыйлықтарға толы жарыстарды өткізу біздің дәстүрге айналды.Осы жолы да хот-дог даярлаудан аспаздық жарыс Ақтөбе қаласында өткізілді. 29 тамыз күні Бірінші Президент Саябағында хот-дог даярлаудан жарыс өтті, үйымдастырушысы болып қазақстандықтардың сүйікті майонез, кетчуп, дәмдеуіштер мен тұздықтарын өндіретін «3 желания» сауда маркасы болып табылады.

 

Бағын сынауға барлық қалаған адамдар қатыса алды, ал ең үздік бестікке кірген қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды: қысқа толқынды пеш (I орын), мультипісіргіш (II орын), еттартқыш (III орын), блендер (IV орын), сендвич-тостер (V орын). Сонымен қатар, қатысушылардың барлығы «3 желания» сауда маркасының өнімдер жинағын жұбаныш сыйлығы ретінде иемденді!

 

Хот-дог даярлаудан  Ақтөбеде өткен чемпионат Хот-дог даярлаудан  Ақтөбеде өткен чемпионат

 

Қатысушылар 6 минут ішінде «3 желания» майонезымен, кетчубымен, қышасымен 30 хот-дог жасап, оны әдемілеп тәрелкеге салуы қажет болды. Қатал төрешілер – кәсіби аспаздар  жұмыстарын үш өлшем бойынша бағалады: жылдамдық, тағам әсемдігі, үстел тазалығы. Әр раундтан кейін 2000 дана даярланған хот-догтар жиналған қауымға тегін түрде таратылды!

 

Жарқын  аспаздық сауықтан басқа осы күні жиналған адамдарды қаныққан мерекелік шара күтті. Сахнада әйгілі әншілер өнерімен тамсандырса, ал  жас көрермендерді аниматорлар алдандырып «3 желанияның» аса дәмді кетчубымен тегін фри картобын сыйға тартты.

 

Жеңімпаздар аты:

 

I орын - Ерболат Құдайберген

II орын - Райхан  Кулаева

III орын - Айнур Куатова

IV орын - Иван Макан

V орын - Ангелина Цыганова

 

 

Хот-дог даярлаудан  Ақтөбеде өткен чемпионат

 

 

  

 

« Артқа