ЖАҢАЛЫҚТАР
«Поймай удачу за хвост!» («Мүмкіндікті жіберме») акциясы жүлдегерінің хаты

Сәлеметсіздерме!  Түркияға сапар түріндегі сыйлығы үшін «Евразиан Фудс Корпорэйшн» компаниясына зор алғысымды және ризашылығымды білдіргім келеді!

Өткізген демалысымнан –теңізден алған әсерім өте зор! Сапарға дайындық, құжаттарды ресімдеу таңқаларлық жылдам және жеңіл өтті.  Green Max отелі жылы шырайлы қызметкерлерімен қарсы алды. Отелдің барлық қызметкерлері балаларға өте жылы қарайды, «for baby» көкейкесті тілегіңізді айтсаңыз болды сізге манеж де, тамақтандыру үшін ыстық су да береді. Әйтсе де, тағам туралы  ерекше атап айтуға болады, талғамыңызға қарай түрлі тағам түрлерін тәуліктің кез-келген мезгілінде табуыңызға болады.  Ішіп-жейтін тағам түрлерінің молшылығы!!!

Аниматорлар өздерінің белсенділігімен және ойын-сауықтарының әр-түрлілігімен ұнады. Әсіресе біздің гидіміз Вусалды ерекше атап өткім келеді. Өте сыпайы жас жігіт, ол біздің Мира қаласына және Николай Угодник ғибадатханасына сапарымызды ұйымдастырды.  «Евразиан Фудс Корпорэйшн» компаниясына осындай акция өткізгені үшін шексіз алғысымды білдіремін!

 

Құрметпен, Рязанов Константин.

« Артқа