Сату жүйесі

«Eurasian Foods Corporation» холдингі Қазақстан және Қырғызстан аумағында май өнімдерін өндіру және сату саласындағы көшбасшы болып табылады.  

 

«Eurasian Foods Corporation»  АҚ және «Eurasian Foods» АҚ Алматы, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Өскемен, Талдықорған, Семей, Көкшетау, Петропавловск, Қостанай, Астана, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған, Бішкек қалаларында 100 серіктес қалалары мен шалғай жатқан облыс аудандарын қамтитын 21 филиалдан (+7 жедел қоймадан) тұратын меншік филиалдық желіге ие, Ресей Федерациясында уәкілеттігі ашылған (Омск қ.).

 

Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Петропавловск, Шымкент, Ақтөбе, Астана, Қостанай, Екібастұз, Семей және Бішкек қалаларында қойма және кеңсе жайлары бар меншік базалары бар.

 

Әрбір филиал дайын өнімді қажетті температуралық режимде сақтауға арналған қойма жайларымен жарақталған.

 

Кәсіпорынның және филиалдарының қойма жайларының көлемі бір мезгілде  15 107 тоннадан артық, оның ішінде құрғақ қоймалар - 6 762 тонна, тоңазытқыш қоймалар – 8 345 тонна  дайын өнімді, сақтауға мүмкіндік береді.

 

Зауыттың және филиал желілерінің қойма жайларының жалпы ауданы:

  • салқындатылатын қоймалар -  17 289 м²;
  • құрғақ қоймалар -  6 762 тонна.

Акционерлік қоғамда жүк көтергіштігі 1,5 мен 10 тонна аралығындағы өнімді тасымалдайтын, изотермалық үйшікпен және де тоңазытқыш қондырғыларымен қамтылған, мамандандырылған көліктің 377 данасы бар.

 

«Eurasian Foods Corporation» Холдингігің өнімді өткізу географиясы:  Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей, Грузия, Қытай.