«Eurasian Foods» АҚ тарихы 1971 жылдан бастау алады. Зауыт 20 мың тонна маргарин өнімдері мен 2,5 мың тонна майонез болатын өндірістік қуатымен пайдалануға берілген.
Кәсіпорын дамуының келесі онжылдықтардағы негізгі бағыты өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыру, зауыт қуатын қолданыстағы цехтарды техникалық қайта жарақтау және технологиялық үрдістерді жетілдіру есебінен арттыру болды.
1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін зауытты қайта құру жүргізіліп келеді. Технологияларды алмастыруға және жетілдіруге инвестициялар құюдың үздіксіз үрдісі жүзеге асырылуда. Өндірістік қуаты 5 еседен астам артқан. Шығарылатын өнім сұрыпталымы ондаған есеге кеңейтілген.
Кәсіпорында пилоттық желімен инновациялық зертхана ашылып, толығымен жарақталған. Сүтті қалпына келтіру цехы салынып, пайдалануға берілген. Соңғы онжылдықтардағы негізгі қорларды жаңарту 100 % құрады.
Негізгі технологиялық циклдерден басқа, қосалқы жабдықтар да толығымен жаңартудан өтті.
Қазіргі уақытта технологиялық үрдістерге қатысатын бу өндірісі цехын қоршаған ортаға эмиссиялардың ең төменгі деңгейін қамтамасыз ететін ең заманауи неміс технологияларын қолдана отырып толығымен қайта жарақтау іске асырылуда.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |