ЖАҢАЛЫҚТАР
"Евразиан Фудс Корпорэйшн" компаниясы «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушысы болды

"Евразиан Фудс Корпорэйшн" АҚ келешегі мол 7 отандық өндірушілер құрамында Қазақстанда өңірлік және әлемдік масштабтағы компанияларды қалыптастыру арқылы шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өндірістерін құруды мақсат ететін «Ұлттық чемпиондар» жобасын жасау бойынша Президенттің бастамасы шеңберінде әзірленген «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысады.  

 

Осы бағдарлама аясында қатысушы компанияларға арналып McKinsley&Company халықаралық консалтингілік компаниясы мен "Бәйтерек" холдингі ішкі тікелей инвестицияларды арттыру, жалақысы жоғары жұмыс орындарын ашу, өнімдік желіні дамыту, еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыру, шикізаттық емесе экспорттың өсуі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға шығуда отандық экспортшыларға қолдау көрсету сияқты негізгі көрсеткіштерге бағытталған 100-ден аса бастамалар мен іс-шараларды әзірлеп, енгізуде.

« Артқа