ЖАҢАЛЫҚТАР
Ең жақсы ингредиенттер - сапалы өнімнің кепілі

«Eurasian Foods Corporation» компаниясы өз өнімдерінің сапасына ерекше назар аударады, сондықтан жақсы ингредиенттерді таңдау өндіріс процесінің басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Холдингтің мамандары жоғары сапалы шикізатты тек сенімді әлемдік көшбасшылардан табуға және таңдауға тырысады.

Әрбір  өнім жеткізуші компания мұқият тексеріліп отырады: зауыт мамандары  өнім жеткізуші  компанияларга барып технологиясын, жабдықтарын, өндіріс процестерін тексеріп отырады. Техникалық сарапшылардың оң қорытындысы болған жағдайда, келісілген өнім жеткізушілерден үлгілері сұралады.

Үлгілерді алғаннан кейін барлық қажетті сынақтар Eurasian Foods Corporation корпорациясының инновациялық зертханасында жүргізіледі. Холдингтің жоғары талаптары мен шикізат стандарттарына сәйкес келген жағдайда ғана, өндірісте пайдалануға рұқсат етіледі.

Холдинг өзінің беделін бағалайды және өзінің өнімдері үшін тек ең жақсы ингредиенттерді таңдайды.

 

« Артқа