ЖАҢАЛЫҚТАР
АҚ «Eurasian Foods Corporation» технологтары Германияның жетекші компанияларына барып қайтты

2017 жылы 12-18 қарашада «Eurasian Foods Corporation» мамандары «KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы» ұйымдастырған Германиядағы өсімдік майларын өндіретін компанияларға арналған оқу-жаттығу экскурсиясына қатысты.

Зерттеу турының шеңберінде қатысушылар Германияның ең ірі және ең озық зауыттарына барып, өсімдік майы және зығыр майын өндіруге, рапсты өңдеуге, сондай-ақ өсімдік майларын шығаратын жабдықтар мен қызметтер өндіретін холдингке барып қайтты.

«Еуразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ-ның технологтары өндіріс процестерін ұйымдастыру және өндірістің жұмыс істеуі саласында кәсіби тәжірибе жинақтады, олар білімдерін жетілдірді және толықтырды.     

Оқу сапары кезінде алынған тәжірибе мен білім «Евразиан Фудс Корпорэйшн» мамандарына зауыттың өндірістік процестерінде ең озық және инновациялық технологияларды енгізуге көмектеседі, осылайша АҚ «Евразиан Фудс Корпорациясында» өндірілетін өнімдердің сапасын үздіксіз жақсартуға мүмкіндік береді.

 

АҚ «Eurasian Foods Corporation» технологтары Германияның жетекші компанияларына барып қайтты

 

« Артқа