ЖАҢАЛЫҚТАР
Арыс тұрғындарына «Eurasian Foods Corporation» холдингінен көмек

Замани Қазақстанның тарихында Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдай өз көлемі бойынша ең ірі жағдай болып табылады. 2019 жылғы 24-маусымдағы әскери бөлімнің аумағында болған алапат жарылыс пен өрттің салдарынан мыңдаған тұрғын үйлер (барлық ғимараттардың 90%) бұзылды, 40 мың тұрғын жедел эвакуациялауға ұшырады.

Дағдарысты жайт кезінде халықты барынша жылдам азық-түлікпен қамтамасыз ету өте маңызды. Холдинг өндіретін тамақ азықтары өмірге қажетті болып табылады – олар Арыс тұрғындарына аз уақыттық ішінде гуманитарлық көмек болып жеткізілді. «Eurasian Foods Corporation» холдингі де бей-жай қалмай, зардап шегушілерге қолдау көрсетті.

Бүгінгі таңда қаладағы бұзылған жерлер қарқынды түрде жөнделуде, қала тұрғындары қалыпты тіршілікке оралуда. Оған бүкіл қарапайым халық Арысқа берген көмегімен қоса, қазақстандық бизнес және отандық өндірушілер тарапынан көрсетілген демеудің де себі тиді.

« Артқа