Eurasian Foods Corporation тұтынушылардың талаптарын барынша қанағаттандыруға талпынады. Холдинг осы мақсатпен тұрақты негізде шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтеді және сақтау мен тасымалдау мәселесіне жіті назар аударып, өндірістің үдерістерін жетілдіруде. Сапалы, қауіпсіз және табиғи өнім шығарып қана қоймай, сонымен қатар зауыттан бастап соңғы сатып алушыға дейінгі жолдағы оңтайлы температуралық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету өте маңызды.
Холдинг 2019 жылы Алматы қаласында логистикалық кешенді сатып алудың есебінен қоймалық мүмкіндіктерін елеулі күшейтті. 7 га аумақтағы жалпы ауданы 20 000 ш.м. қоймалар орналасқан, олардың басым бөлігі (13 000 ш.м. астамы) тоңазытқыш жабдықпен жарақтандырылған және төмен және орташа температуралық тәртіп кезінде тамақ азықтарын сақтауға арналған.
« Артқа