ЖАҢАЛЫҚТАР
Петропавл сүт зауыты «Eurasian Foods Corporation» холдингінің құрамына кірді
«Молочный союз» ЖШС – 1929 жылдан бері дәстүрлі жұмыс істеп келе жатқан, Петропавл май-сыр базасының қуатынан негізін қалаған зауыт. Кәсіпорын шығаратын өнім тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, сонымен қатар облыс шегінен тыс та өз сапасымен әйгілі. 2019 жылдың жазында 90 жылдық тарихы бар зауыт «Eurasian Foods Corporation» холдингінің бір бөлігіне айналды. Жақын уақытта Холдинг ассортименті қатты, жұмсақ және ерітілген сырларды, сүтті, айранды, йогурт пен қаймақты қоса, сүт өнімінің кең желісімен толыға түседі.
« Артқа