Қарағанды қаласында «Евразиан Фудс» АҚ ұйымдастырған, компанияның серіктестері – тамақ өнеркәсібі мен қонақжайлық индустриясының кәсіпкерлеріне (аспаздарға, технологтар мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының иелеріне) арналған «Дәмнің алтын стандартты» атты кезекті семинар өтті. Іс-шара шеңберінде өнеркәсіптік база мен технологиялық үдерісті көрсету, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеумен таныстыру, өнім үлгілерін дегустациялауды қоса, зауытқа экскурсия, сонымен қатар «Евразиан Фудс» АҚ өндіретін өнімнің негізінде ұйымдастырылған «Кулинария Маэстросы» кулинарлық шебер-класы өткізілді.
Холдинг семинардың барлық қатысушыларына серіктестік үшін шынайы ризашылығын білдіріп, бірге өткізген табысты уақыт үшін алғыс айтады.
Іс-шараны өткізуде VIP Masters халықаралық кулинарлық мектептің негізін қалаушы және оқытушысы, WORLD CHOCOLATE MASTER және Ресейлік кулинария және сервис чемпионатының алтын жүлдегері, Кремль кубогы мен Халықаралық кулинарлық Пир көрмесінің алтын медальдарының иегері, ISTANBUL GASTRONOMY FESTIVAL лауреаты, EXPO GAST-гі Халықаралық кулинарлық кубоктың алтын медалінің иегері Александр Кислицынның көмегі зор.
Александр Қарағандыға Мәскеуден шебер-класын өткізу үшін арнайы ұшып келді және Eurasian Foods Corporation өнімдерін пайдалана отырып кулинарлық өнердің сиқырларын паш етті.