«3 желания» сауда маркасының майонездері өзінің құрамындағы шынайы сүттің құрамының арқасында әрқашан бәсекелестерінен ұтымды ерекшеленетін. Міне, өнімнің желісі бұрынғыдан да бірегейлене түсті: «Мерекелік Провансаль» майонезі – өндірісінде биенің сүті қолданылатын алғашқы қазақстандық майонез. Ол нәзік дәмге және жұмсақ консистенцияға ие, балғын және қайнатылған көкөністерден жасалған салаттарға дәм беруге, бірінші және екінші тамақтарға дәмдеуіш ретінде пайдалануға мінсіз болып келеді.
Бие сүтін қосу майонездің тамақтық құндылығын арттырды. Оның құрамында адам ағзасына қажетті: аминқышқылдар, микроэлементтер (кальций, калий, фосфор, темір, магний, йод) және дәрумендер (А, С, В1, B2, В6, В12, Е, Н, РР, бета-каротин, фолий қышқылы) сияқты 40-қа жуық биологиялық компоненттер бар.
«Мерекелiк Провансаль» – ерекше дәм және 100% табиғи ингредиенттер: бие сүті, жұмыртқа сарысы мен күнбағыс майы! Мінсіз үйлесім!
« Артқа