Қазақстандық алдыңғы қатарлы баспалар мен телеарналардың журналистері үшін отандық тамақ өнеркәсібінің ертеден келе жатқан және маңызды кәсіпорындарының бірінің тарихымен танысу, зауыттағы инновацияның көлемін бағалау, шығарылатын өнімнің өндірісінің технологиясының ерекшеліктерін білу мүмкіндігі туды. Баспасөз турының негізгі оқиғасы – құрамында биенің сүті бар алғашқы қазақстандық «Мерекелiк Провансаль» майонезі – жаға бірегей өнімнің тұсаукесері мен дегустациясы болды.
Сұраныстары тамақ азықтары нарығындағы сұранысты елеулі қалыптастыратын тұтынушылардың артықшылықты қалаулары соңғы жылдары табиғи азықтардың жағына қарай ығысуда, ал бие сүтінің қанық дәмі мен пайдалы қасиетін Қазақстанда ерте кезден-ақ бағалауда. Бие сүтінің құрамында адам ағзасына қажетті 40 астам биологиялық компоненттердің бар екендігі бұрыннан белгілі. Ол биологиялық компоненттерге амин қышқылдары, микроэлементтер, А, С, Е, В тобының дәрумендері жатады. Дәстүрлі қазақ ұлттық азықтары, оның ішінде ерекше замани форматта шығарылған азықтар, бүгінгі таңда танымалдықтың шыңында тұрғанын назарға ала отырып, Eurasian Foods Corporation технологтары тұтынушыларды бие сүті бар майонезбен таң қалдыруды шешті.
Ішінде қазақтың ұлттық тағамының дәстүрлері іске асуы мүмкін бірегей майонезді шығарудың шығармашылық үдерісі бір жылдай уақыт алды. «3 желания» брендінің майонездері қашан да құрамында табиғи сүттің бар екендігімен тиімді ерекшеленеді. Сүт – майонездегі өте маңызды ингредиент, сонау кеңес дәуірі кезінде Провансальдің рецептурасы әзірленген, оның құрамына аталған компонент кіретін. Бұл өнімнің биологиялық құндылығын арттыру үшін жасалған. Оған қоса, сүт «3 желания» майонезінің дәмдік сапасын арттырады, оны жұмсақ және толыққанды етеді. «Мерекелік Провансаль» майонезінде бие сүті басқа табиғи ингредиенттер – жұмыртқа сарыуызы мен күнбағыс майымен өте жақсы үйлеседі. Жаңа өнім салаттарға дәм беруге, бірінші және екінші тамақтарға дәмдеуіш ретінде пайдалануға мінсіз болып келеді.
Компания кәсіпорындарында майонез дәстүрлі «ыстық» әдіспен шығарылады, оның негізінде пастеризациялау үдерісі бар. Бұл азықты сақтау мерзімін консерванттарды пайдаланусыз бес айға дейін ұзарту мүмкіндігін береді. Осындай технологияның көптеген бәсекелестердің пайдаланатын технологиясымен салыстырғанда өндірістің айтарлықтай ұзақ және шығынды үдерісін көздейтініне қарамастан, біз мұның үнемдеуге келетін нәрсе емес деп есептейміз, және сапа дәстүрін ұстанып, майонездерді классикалық «ыстық әдіспен» шығаратынымызды мақтан тұтамыз.
Eurasian Foods Corporation өнімінің жоғары сапасы мен үздік дәмін қазақстандық тұтынушылардың ғана бағалауында емес. Кәсіпорын көптеген жылдар бойы жақын және алыс шет елдердің – Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғаныстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан және Монғолия елдерінің нарығына жеткізуді жүзеге асыруда.
« Артқа