ЖАҢАЛЫҚТАР
«Үздік маман - 2020» байқауының нәтижелері

Жыл сайын «Eurasian Foods Corporation» холдингінің зауыттарында корпоративтік «Үздік маман» байқауы өтеді. Байқаудың бағдарламалары өзгереді және осының арқасында байқауға әртүрлі мамандар қатыса алады.

 

Байқаудың негізгі тапсырмалары болып: кәсіптік шеберлікті көрсету, өндірістік үдеріске еңбек өндірісін ұлғайтуға, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған оңтайлы әдістер мен жолдарды анықтау және енгізу табылады. Нәтижесінде дарынды және шығармашыл қызметкерлер анықталады, кәсіптік өсу үшін жағдайлар жасалады, және ұжымда жақсы көңіл-күй қалыптасады.

 

2020 жылдың тамызында холдингтің алматылық зауытында «Талдау жасаудағы үздік зертханашы – 2020» байқауы өтті. Байқаудың бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады, сол кезеңде қатысушылар өздерінің теориялық білімдерінің деңгейін, сонымен қатар кәсіптік машықтары мен білгендерін көрсетулері керек еді.

 

Жеңімпаздарды байқау комиссия анықтады, комиссия құрамы кәсіпорынның бейіндік бөлімшелерінің басшыларынан құралды. Финалда жүлделі орындар үшін әжептеуір тартыс болды, өлшеу нәтижесі кезінде соңғы секунд ішінде шынайы жеңімпаздар анықталды:

 

1-орынды Әлімғазиева Әлия

2-орынды Зупинова Закида

3-орынды Өскенбаева Балым иеленді.

 

Біз жүлделі орын иеленген жеңімпаздарды құттықтаймыз. Алдымызда жаңа конкурстар, қатысушылар мен жеңімпаздар күтуде.

 

«Үздік маман - 2020» байқауының нәтижелері «Үздік маман - 2020» байқауының нәтижелері «Үздік маман - 2020» байқауының нәтижелері «Үздік маман - 2020» байқауының нәтижелері
«Үздік маман - 2020» байқауының нәтижелері «Үздік маман - 2020» байқауының нәтижелері

 

« Артқа