ЖАҢАЛЫҚТАР
Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды

2020 жылдың қарашасында Петропавл қаласындағы Eurasian Foods Corporation холдингі – «Eurasian Milk» ЖШС сүт зауытында жабдықтарды тестілік іске қосу болды. Зауатты жаңғыртуға $12 000 000 қаражат бағытталды. Бұл – жаңа кәсіпорынның құрылысымен салыстырғанда қомақты сома. Зауытта негізгі корпустың қабырғаларынан басқаның бәрі ауыстырылды. Техникалық жарақтандыру деңгейі бойынша «Eurasian Milk» ЖШС еліміздің сүт өндірістерінің ең заманауи өндірісі болып табылады. Зауытта бірнеше желі орнатылған: сүтті қабылдау және өңдеу бойынша германиялық желі, сары май өндірісі бойынша швейцариялық желі, ірімшік өндірісі бойынша австриялық желі мен «моцарелла» типті ірімшіктерді шығаруға арналған арнайы итальяндық желі. Зауыттың мұндай кешенділігі бүгінгі таңда Қазақстанда бірінші және жалғыз болып табылады.

 

Кәсіпорын бірінші кезеңде сары май, қаймақ, ірімшіктің бірнеше түрін шығаруға бағытталады. Жақында біз қазақстандықтарды қолжетімді бағадағы дәмді де сапалы отандық өніммен қуантамыз.

 

Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды
Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды Қараша айында Eurasian Milk зауыты іске қосылды
« Артқа