ЖАҢАЛЫҚТАР
«Eurasian Foods» АҚ зауытында жаңғыртудың келесі кезеңі аяқталды
Біздің Қарағанды қаласындағы «Eurasian Foods» АҚ зауытымызда жаңартудың кезекті кезеңі аяқталуда. Тек соңғы бес жылдың ішінде өндірісті жаңартуға 4,7 млрд. теңгеден аса қаржы салынды. Бүгінгі таңда «Eurasian Foods» АҚ осы саладағы ең заманауи және жоғары өндірісті кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Жаңарту жобасының шеңберінде машина құрылысының көшбасшылары – еуропалық компаниялардан жаңа жабдық орнатылды:
- Маргарин дайындау бойынша неміс өндірісінің технологиялық желісі пайдалануға берілді, соның арқасында шығарылатын өнімнің функционалдық сипаттары айтарлықтай жақсарды, сонымен қатар өндірістілік сағатына 11,7 тоннаға дейін ұлғайды.
- Қатпарлы қамырға арналған маргариндерді қаптаудың жаңа желісі іске қосылды, ол өндірісті 2 есе – 4,8 тонна/сағ дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
- Жаңа қаптау автоматы (Германия) қосылды, ол қапталған өнімнің өндірісін сағатына 6,5 тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігін берді.
Бүгінгі таңда «Eurasian Foods» желісінде сапаның ең жоғары әлемдік стандарттарына жауап беретін май-тоңмай өнімінің кең ассортименті ұсынылған. Біз өз өніміміздің әр қазақстандықтың үйінде бар екендігін, және оны отандық кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін өндірушілердің 70% астамы пайдаланатындығын мақтан тұтамыз.