ЖАҢАЛЫҚТАР
Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты

7 ақпан мен 11 ақпан аралығында Мәскеуде «Продэкспо–2022» халықаралық көрмесі өтті, бұл Ресей мен Шығыс Еуропада осы салада өтетін ең ауқымды әрі маңызды іс-шара, онда Eurasian Foods Corporation холдингі өз өнімін ұсынды. 

73 елден 2660 экспонент 100 мың м² ауданда өз өнімін таныстырды, оның ішінде қазақстандық өндірушілер өздерінің 43 өнімін ұсынды. Көрмеге 115 елден 68 000-нан астам қатысушы, сонымен қатар 120-дан астам ритейлер өкілдері келді.

«Экспоцентр» АҚ Бас директоры Алексей Вялкиннің айтуынша «Продэкспо» халықаралық көрмесі азық-түлік тақырыбына өтетін әлемдік көрмелер ондығына кіреді. Көрме шеңберінде 30 тақырыптық зал жұмыс істеп, көрмеге келушілер онда бүкіл әлемнен жиналған сапалы азық-түлік тауарларымен және сусындармен мұқият таныса алды..   

Eurasian Foods Corporation мамандары Холдинг өнімінің кең жиынтығын таныстырды.  Компанияның көрмеде ұсынған экспозициясы әлемнің түпкір-түпкірінен келген дистрибьюторлар мен ірі ритейлер өкілдерінің тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге қатысу экспорт бағыттарын дамыту шеңберінде іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік берді.    

Көрме барысында компания сапалы шикізат, жабдық пен қаптамалық шешімдерді жеткізушілер базасын толықтырды. 

Бұл іс-шара тамақ өнеркәсібіндегі әлемдік трендтер туралы білімнен сусындауға, ұйымдастырылған бизнес бағдарламасы шеңберінде тағамдық азықтарды өндіру мен өткізу саласындағы бизнесті ұйымдастыру тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты

Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты
Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты Eurasian Foods Corporation холдингі Мәскеуде өткен «Продэкспо-2022» 29-халықаралық тағамдық азықтар көрмесіне қатысты

 

« Артқа