ЖАҢАЛЫҚТАР
«3 желания» және «ШЕДЕВР» тауар таңбалары Қазақстан Республикасында жаппай танымал болып мойындалды
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссиясының шешімімен «3 желания» және «ШЕДЕВР» тауар таңбалары Қазақстан Республикасында жаппай танымал болып мойындалды. Тұтынушылардың 10 жылдан астам уақыттан бері Холдинг өнімдерін таңдауы мен мойындауын растайтын жан-жақты материалдар осындай шешім қабылдауға негіз болды. Атап айтқанда:
- «EURASIAN FOODS CORPORATION» АҚ өнімінің күннен-күнге тұрақты артып отырған өндірісі және сатылымы
- Жеке меншік дистрибуциялық желісінің арқасында аумақты барынша кең қамтуы,
- Тұтынушының мойындауын растайтын мемлекеттік және басқа да наградаларды бірнеше мәрте алуы,
- Қазақстан Республикасының аумағында «3 желания» және «ШЕДЕВР» ТМ өнімінің жоғары танымалдылығы мен тұтынылу көрсеткіштері, бұл тәуелсіз зерттеу компанияларының деректерімен расталады.
Тауар таңбасының жалпыға танымал деп ресми түрде мойындалуы - тұтынушының біздің өнімге деген сүйіспеншілігін және дәл біздің өнімді таңдайтынын растайтын маңызды факторлардың бірі. Сонымен қатар Брендті нығайтуға және нарықтағы алақол өндірушілердің пайда болуының алдын алуға бағытталған тағы да бір қадам, бұны «EURASIAN FOODS CORPORATION» АҚ мақтан тұтады!
« Артқа