«Eurasian Foods Corporation» АҚ жоғары сапалы май өнімдерін шығарудағы көпжылдық тәжірибесі – Компанияның барлық үдерістерін үздіксіз дамыту мен жетілдірудің нәтижесі.
Тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін түсінетін Холдингтің стратегиялық мақсаты – барлық өндірілетін өнімдердің тағамдық қауіпсіздігін үздіксіз арттыру.
Компания тиісті үдерістермен үнемі жұмыс жасайды:
- тамақ қауіпсіздігінің барлық талаптарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық-нормативтік талаптарын сақтау;
- тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұтынушымен және басқа да мүдделі тараптармен байланыс сапасын арттыру;
- тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- басқару және өндірістік үдерістерді дамыту және жетілдіру және т.б.
Нәтижесінде «Eurasian Foods Corporation» АҚ, FSSC 22000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес, өндірілетін өнім қауіпсіздігі менеджменті жүйесі саласындағы сертификаттауды жыл сайын сәтті растайды.