ЖАҢАЛЫҚТАР
Холдинг Ыстамбұлдағы "F ISTANBUL" және "WorldFood" халықаралық азық-түлік көрмелеріне қатысты
Istanbul Expo Center ірі көрме кешендерінде және TUYAP көрме конгресс-орталығында әлемнің әртүрлі елдерінен 1500-ден астам көрме экспоненттері өз өнімдерін көрсетті. Көрмелерге 38000-нан астам қонақ, оның ішінде сауда желілерінің өкілдері қатысты.
Eurasian Foods Corporation мамандары Холдинг өнімдерінің кең түржинағымен таныстырды. Компанияның экспозициясы әлемнің әртүрлі елдерінен ірі кәсіпорындардың, дистрибьюторлардың және сауда саласының басқа да өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Көрмелерге қатысу Қазақстандық өнімді жеткізу шекарасын кеңейтуге, Түркия аумағында ғана емес, басқа елдерге де экспорттау үшін жаңа бағыттарды ашуға мүмкіндік берді.