ЖАҢАЛЫҚТАР
Eurasian Foods АҚ "Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші" номинациясында жеңімпаз атанды

17 қарашада Астанада Қазақстан Республикасындағы «Үздік салық төлеуші» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Eurasian Foods Corporation Холдингінің құрамына кіретін «Eurasian Foods» АҚ «Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясы бойынша үздік атанды.
Марапаттау рәсіміне еліміздің барлық өңірлерінен келген салық төлеушілер, түрлі қызмет салалары - сауда, өнеркәсіп, құрылыс, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.
Бизнес-қоғамдастықты ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев құттықтады. «Салық және кедендік түсімдер мемлекеттің іргетасы болып саналады, олар денсаулық сақтау және білім беру саласындағы аса маңызды әлеуметтік бағдарламаларды, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Сіздің салымыңыз өте құнды, құрметті салық төлеушілер.», - деді Жандос Дүйсембиев өз сөзінде.

«Eurasian Foods» АҚ-ның жеңісі компанияның жоғары қаржылық тәртіп, бизнесті жүргізудің ашықтығы және сауаттылығы және заңнама нормаларын сақтау қағидаларына бейілділігінің растауы болды.

 

Eurasian Foods АҚ "Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші" номинациясында жеңімпаз атанды Eurasian Foods АҚ "Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші" номинациясында жеңімпаз атанды Eurasian Foods АҚ "Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші" номинациясында жеңімпаз атанды
« Артқа