ЖАҢАЛЫҚТАР
Холдинг Шанхайдағы "China International Import Expo" және "Food & Hotel China" халықаралық азық-түлік көрмелеріне қатысты

Холдинг Қазақстандық өнімді экспорттау үшін жаңа бағыттарды дамытуды жалғастыруда. Қараша айында Eurasian Foods Corporation Шанхай қаласындағы бірден екі ірі көрмеге қатысты.

 

Қытайдың индустриалды коммерциялық банкінің (ICBC) қолдауымен компанияның өнімдері ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен "China International Import Expo (СІІЕ)" импорттық тауарлардың 6-шы халықаралық көрмесінде ұсынылды.
Сондай-ақ, Eurasian Foods Corporation мамандары "Food & Hotel China (FHC) 2023"азық-түлік өнімдеріне арналған 26-шы халықаралық көрме аясында өз стендінде өнімдердің кең ассортиментін таныстырды, Shanghai New International Expo Center және Shanghai World Expo Exhibition & Convention Center ірі көрме кешендерінде әлемнің 145 елінен 5800-ден астам экспонент өз өнімдерін көрсетті.

Көрмені ұйымдастырушылар келушілердің Қазақстандық өнімге деген жоғары қызығушылығын атап өтті.

 

Eurasian Foods Corporation ел экономикасына елеулі үлес қоса отырып,әлемдік аренада отандық өндіріс өнімін ұсыну мүмкіндігін мақтан тұтады.

 

Холдинг Шанхайдағы "China International Import Expo" және "Food & Hotel China" халықаралық азық-түлік көрмелеріне қатысты Холдинг Шанхайдағы "China International Import Expo" және "Food & Hotel China" халықаралық азық-түлік көрмелеріне қатысты Холдинг Шанхайдағы "China International Import Expo" және "Food & Hotel China" халықаралық азық-түлік көрмелеріне қатысты
« Артқа