«Алтын стандарт» сериясының маргариндері, майлары, спредтері мен термотұрақты салмалары наубайхана, кондитерлік, азықконцентраттық, консервілік кәсіпорындарға және тамақ өнеркәсібінің басқа салаларына арналған шикізатты өнеркәсіптік қайта өңдеудің әртүрлі бағыттары үшін арнайы әзірленген. Өнімнің ассортименттік желісі қолданыстағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес замани жабдықтарда әзірленеді.
Ашытқылы, дәмделген ашытқылы және қайнатылған қамырдан жсалған өнімдерді пісіруге арналған. Өнімнің биік көтерілуіне ықпал етді, қамырда біркелкі таралып, үлпілдек, тұрақты, ауамен жақсы қаныққан масса түзеді. Дайын өнімдерге жағымды дәм және хош иіс береді және олардың жұмсақтылығын ұзақ сақтауды қамтамасыз етеді.
Дәмделген қамырдан жасалған өнімдерді, тартпалы және басқа да тәтті тоқаштардың түрлерін жасауға арналған мамандандырылған маргарин. Биік көтерілуіне, қытырлақ қыртысының түзілуіне және жұмсақ, қопсытылған нанының түзілуіне ықпал етеді. Дайын өнімдерге нәзік сүт-кілегейлі дәм және хош иіс береді және сақтау және сату барысында кеуіп қалуын баяулатады.
Өндіріс технологиясы маргарин мен қантты үлпілдек, тұрақты және ауамен жақсы қаныққан масса түзілгенге дейін шайқауды көздейтін үгілмелі тәтті тоқаштар мен үгілмелі жартылай фабрикаттардың алуан түрін жасау үшін қолданылады. Дайын өнімдерге нәзіктік, жақсы кеуектілік және үгілгіштік, кілегейлі дәм мен хош иіс, тартымды бейне береді.
Классикалық қатпарлы өнімдер, круассандар, самса дайындау үшін, ашытқылы қатпарлы және ашытқысыз қамырдан жартылай фабрикаттар дайындау үшін қамырды қатпарлауға арналған маргариндер желісінің сұрыпталымындағы ең созылғыш маргарин. Мінсіз консистенциясының арқасында қамыр көтерілгенде ағып кетпейді және қамырды жаймалау кезеңдерінің арасындағы салқындату кезінде созылғыштығын сақтайды.
Круассан, самса сияқты кез-келген қатпарлы пісірілген нан тағамдарын жасауға және ашытқылы және ашытқысыз қатпары қамырдан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттарға арналған әмбебап маргарин. Мінсіз консистенциясы мен созылғыштығының арқасында қамырды машинамен де, қолмен де жаю үшін тамаша келеді. Дайын өнімдегі үгітілгіштігін азайтады.
Автоматты тәсілмен ашытқылы және ашытқысыз классикалық қатпарлы өнімдер дайындауға арналған қатты және ең қызуы тұрақты маргарин. Аса қаттылығы және жоғары балқыту температурасы маргаринді өндірістің жоғары температуралық режимдері жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ашытқылы және ашытқысыз қатпарлы қамыр түрлерін, сондай-ақ ұсақ даналы өнімдерді дайындау кезінде қолданылады. Құрамындағы май мөлшері төмен өнімдер шығаруда пайдалануға болады, бұл өндірушілерге дайын өнімнің дәмдік қасиеттерін жоғалтпай, өз сұрыпталымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әрлеуге арналған жартылай фабрикаттарды: салмалар, кремдер мен суфле дайындау үшін арнайы әзірленген мамандандырылған маргарин. Кремнің тез шайқалуын, шайқалатын масса көлемінің едәуір ұлғаюын, біркелкі бірігуін және әртүрлі ингредиенттермен жақсы үйлесуін қамтамасыз ететін тамаша органолептикалық қасиеттерге ие.
Қатпарлы қамырдан жасалған нан тағамдарын пісіруге және қатпарлы ашытқылы және ашытқысыз қамырдан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттарды дайындауға арналған әмбебап маргарин. Жұқа қабаттары айқын көрінетін, тез бөлінетін өнімдердің биік көтерілуіне мүмкіндік береді. Бірнеше мәрте орау және жаюдың барлық үрдістерінде қатпарларының жабысып қалуына жол бермейді.
Кондитер және ұннан жасалған тағамдардың кең сұрыпталымын пісіруге арналған.Тамаша органолептикалық қасиеттерге, желдетуге деген жақсы қабілеті бар, тез шайқалады және шайқалған масса ұзақ уақыт бойы басылмайды.
Өндіріс технологиясы маргаринді қантпен үлпілдек массаға дейін шайқауды қажет етпейтін ашытқылы және дәмделген қамырдан жасалған кондитер және ұннан жасалған өнімдерді пісіруге арналған майлылығы төмен әмбебап маргарин.
Ұннан жасалған, кондитерлік, нан-тоқаш өнімдерін, бөлек отырғызылатын сұрыпты үгілмелі тәтті тоқаштарды, кекстерді пісіруге, өнеркәсіптік өндірісте және аспаздықта үгілмелі жартылай фабрикаттарды дайындауға арналған жағымды кілегей дәмі бар маргарин.
Бөлек отырғызылатын сұрыпты үгілмелі тәтті тоқаштарды, кекстерді пісіруге, үгілмелі жартылай фабрикаттар мен кондитер өнімдерін дайындауға арналған әмбебап маргарин. Нәзік сүт дәмі және хош иісі бар. Тұрақты шайқау коэффициентіне ие, соның есебінен дайын өнімдердің көлемі ұлғаяды және құрылымына біртектілік, үгілгіштік және алтын сарғыш түс береді.