«Алтын стандарт» сериясының маргариндері, майлары, спредтері мен термотұрақты салмалары наубайхана, кондитерлік, азықконцентраттық, консервілік кәсіпорындарға және тамақ өнеркәсібінің басқа салаларына арналған шикізатты өнеркәсіптік қайта өңдеудің әртүрлі бағыттары үшін арнайы әзірленген. Өнімнің ассортименттік желісі қолданыстағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес замани жабдықтарда әзірленеді.
Құрамындағы майдың төмен мөлшері нәзік кілегейлі дәмі мен жеңіл текстурасымен үйлесе отырып, спредті диеталық тамақтануда таптырмас өнім етеді. қуыруға, ботқаларға қосуға, нан тағамдарын пісіруге тамаша келеді.
Айқын сүт-кілегей дәмі мен хош иісінің және нәзік текстурасының арқасында бутербродтар, қамыр дайындауда және қуыруға пайдалануға тамаша келеді. Салқындатылған күйінің өзінде де нанға жеңіл жағылады.
Сүт және өсімдік майларының тамаша теңгерілген үйлесімі, айқын кілегей дәмі мен нәзік текстураға ие. Үй жағдайларында да, қоғамдық тамақтану желілерінде де алуан түрлі тағамдарды: бутербродтардан бастап кремдер мен пісірілген нан тағамдарына дейін дайындау үшін қолданылады.
Дәстүрлі майлылығы 72,5%, таза кілегей дәмі бар өнім сүт және өсімдік майларының оңтайлы үйлесуінің арқасында, созылғыш, нәзік консистенциясымен қолданылуында әмбебап. Салқындатылған күйінің өзінде де нанға жеңіл жағылады.
Нәзік кілегей дәмі бар және жеңіл консистенцияға ие әмбебап өнім. Үй жағдайларында да, кондитер цехтары мен қоғамдық тамақтану желілерінде кәсіби пайдалану үшін де тамаша келеді.
Балғын кілегей дәмі мен тамаша әзірленген құрамы бұл спредті аспаздық туындылар жасау үшін таптырмас ингредиент етеді. Пісірілген нан тағамдары мен десерттер нәзік әрі жеңіл болып келеді, ал кремдер жақсы шайқалып, формасын жақсы ұстайды.
Жақсартылған рецептура - балғын кілегей дәмі тамаша әзірленген құрамымен үйлесе отырып, бұл спредті аспаздық туындылар жасау үшін таптырмас ингредиент етеді. Пісірілген нан тағамдары мен десерттер нәзік әрі жеңіл болып келеді, ал кремдер жақсы шайқалып, формасын жақсы ұстайды.
Үйлестірілген кілегей дәмі мен хош иісінің және нәзік текстурасының арқасында үй жағдайында да, кәсіби пайдалануда да қолданылады. Бутербродтар, пісірілген нан тағамдарын, кремдер дайындау үшін, қуыруға және ботқаларға қосуға тамаша жарайды.