«Алтын стандарт» сериясының маргариндері, майлары, спредтері мен термотұрақты салмалары наубайхана, кондитерлік, азықконцентраттық, консервілік кәсіпорындарға және тамақ өнеркәсібінің басқа салаларына арналған шикізатты өнеркәсіптік қайта өңдеудің әртүрлі бағыттары үшін арнайы әзірленген. Өнімнің ассортименттік желісі қолданыстағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес замани жабдықтарда әзірленеді.
Қоғамдық тамақтану желілерінде де, өнеркәсіптік өндірісте де, үй жағдайында да ұннан жасалған кондитер және нан-тоқаш тағамдарын пісіруге кеңінен қолданылады.
Наубайхана өндірісінде, сондай-ақ сұлыдан жасалған, қантты тәтті тоқаштарды, пірәндік және вафли салмаларын дайындау үшін кондитер тағамдарының өндірісінде және аспаздықта өнеркәсіптік пайдалануға арналған.
Наубайхана өндірісінде, сондай-ақ кондитер тағамдары өндірісінде және аспаздықта өнеркәсіптік пайдалануға арналған. Дайын өнімнің тамаша органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.
Кондитерлік және вафли өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісінде, кремді және вафли салмаларын, сондай-ақ кәмпиттердің пралине және помадка корпустарын дайындау үшін пайдаланылады.
Қоғамдық тамақтану желілерінде қуыру үшін, сондай-ақ қытырлақ картоп пен чипсы өндірісінде өнеркәсіптік өңдеу үшін арналған. Фритюрде бірнеше мәрте қуыру үшін пайдалануға болады. Сұйық өсімдік майларын тамаша алмастырады.
Сүт өңдеу өндірісінде: құрамында сүт бар қойылтылған өнімдерді, балқытылған паста тәріздес және шұжық тәріздес ірімшік өнімдерін, балмұздақ, шоколад пастасын және басқа да сүт өнімдерінде сүт майын толығымен немесе жартылай алмастыру үшін қолданылады.
Қақталған, шұжық тәріздес, әртүрлі қоспалары бар паста тәріздес балқытылған ірімшік өнімдерін өндіруге, сондай-ақ сүтті, кілегейді, қышқыл-сүт өнімдерін, қаймақты, спрэдтерді, балмұздақты және басқа да май құрамы аралас сүт өнімдерін қалыпқа келтіруге арналған.