«Eurasian Foods Corporation» холдингі – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің азық-түлік өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы және маңызды кәсіпорындарының бірі, ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 190 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.
Холдинг Қазақстан Республикасы азық-түлік өнеркәсібінің аса ірі үш кәсіпорнынан: Алматы қ. «Eurasian Foods Corporation» АҚ, Қарағанды қ. «Eurasian Foods» АҚ және Петропавл қ. «Eurasian Milk» АҚ тұрады.
Алматы қ.
Қарағанды қ.
«Eurasian Foods Corporation» Қазақстандағы ең кең тараған және танылған:
- «3 желания»;
- «Златые горы»;
- «Шедевр»;
- «Золотой стандарт» брендтеріне ие.
Жалпы алғанда, «Eurasian Foods Corporation» холдингі 200-ден астам өнім түрінің сұрыптамасын: маргариндерді, майонездерді, кетчуптерді, тұздықтар мен астатымдарды, күнбағыс майын, табиғи сары май және спредтерді, сондай-ақ өнеркәсіптік өңдеуге арналған мамандандырылған маргариндер мен майлар желісін ұсынады.
«Eurasian Foods Corporation» холдинг қызметінің негізгі қағидаттары тұтыншуының қалауына бағдарлана отырып өнім сапасын тұрақты арттыру, сондай-ақ өңдірістік процестердің қауыпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл мақсатта компанияда әзірленіп енгізілген Біріктірілген менеджмент жүйесінің саясаты төмендегі халықаралық және ұлттық стантарттарға сәйкестігі бойынша, сертификатталды:
- Сапа менеджменті жүйесі – ҚР СТ ИСО 9001:2016;
- Экологиялық менеджмент жүйесі - ҚР СТ ИСО 14001:2016;
- Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қауіпсіздігі менеджменті жүйесі - ҚР СТ ISO 45001:2019;
Азық- түлік қауіпсіздігі менеджмент жүйесі бүкіл әлемде азық-түлік өнімдіерінің сенімділігі мен қауыпсіздігінің көрсеткіші ретінде танылған FSSC 22000 сертификаттау схемасының талаптарына, сондай -ақ ҚР СТ ISO 22000:2019 талаптарына сәйкестігімен расталған.
Барлық өңдірілетін өнім тиісті сертификаттармен расталған "Халал" стандарттарына сәйкес келеді.
Холдинг кәсіпорындарында шикізатты кіріс бақылаудан бастап дайын өнімді шығаруға дейін өңдірістік циклдің бүкіл кезеңдерінде өнімнің сапасы мен қауыпсіздігіне үздік бақылау жүзеге асырылады. Бұл үшін зауыттарда заманауи талдау жабдығымен жарақтаңдырылған, өздерінің аттестаттаудан өткен физика-химиялық және микробиологиялық зертханалары құрылып табысты жұмыс істеуде. Бақылау және процестерді басқару кәсіпорында енгізілген азық-түлік қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің шеңберінде қамтамасыз етіледі, оның негізгі қағиғаттары мына құжатта бекітілген: Саясат.
Холдингтің зауыттарында шағын өндірістік қондырғылардан жинастырылған инновациялық зертханалар бар, онда жаңа өнім шығарумен және қолданылып жүрген рецептураларды экологиялық талаптармен қатаң сәйкестікте жетілдірумен айналысатын технологтар командасы тұрақты жұмыс істейді.
![]() |
![]() |
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау мақсатында 2001 ж. бастап тұрақты түрде холдингтің барлық бөлімшелерінде «American Appraisal» тәуелсіз бағалау компаниясын жұмылдыра отырып, KMPG және «Deloitte» компанияларымен жүзеге асырылатын аудиторлық тексерулер өтеді.
Бизнес-процестерді сапалы жүргізу және шығындарды оңтайландыру үшін 2012 ж. бухгалтерлік, салықтық, басқару есептерін және логистиканы автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында май өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген SAP ERP кәсіпорынды басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесін енгізу жобасы іске қосылды.
«Eurasian Foods Corporation» холдингі 2600 жуық адамды жұмыс орындарымен қамтып отыр. Компания персоналдың кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөледі. Қызметкерлердің біліктілігін жұмыс ерекшеліктеріне сәйкес арттыру мақсатында тұрақты түрде Қазақстанда да, шетелдерде де тренингтер, семинарлар мен оқытулар өткізіліп отырады. Компания қызметкерлері жыл сайын кәсіби аттестациялаудан өтеді. Алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілердің мамандарымен тәжірибе алмасу кәсіпорынға май өнімдерін өндіру саласындағы әлемдік алпауыттармен бір деңгейде болуға мүмкіндік береді.
«Eurasian Foods Corporation» холдингі әлеуметтік бағдарланған кәсіпорын болып табылады. Көптеген жылдар бойы компания мүмкіндігі шектеулі балаларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, балалар үйлеріне, ауруханаларға, интернаттарға және т.б. көмек көрсетіп келеді.

