Холдинг туралы

«Eurasian Foods Corporation» холдингі – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің азық-түлік өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы және маңызды кәсіпорындарының бірі, ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 140 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.

 

Холдинг Қазақстан Республикасы азық-түлік өнеркәсібінің аса ірі екі кәсіпорнынан: Алматы қ. «Eurasian Foods Corporation» АҚ және Қарағанды қ. «Eurasian Foods» АҚ тұрады.

 

«Eurasian Foods Corporation» АҚ
Алматы қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы
«EurasianFoods» АҚ
Қарағанды қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы

Бұрынғы «Алматы маргарин зауыты» болған  «Eurasian Foods Corporation» АҚ жылына 6,3 мың тонна маргарин өнімдерінің белгіленген қуатымен 1962 жылғы 11 маусымда пайдалануға берілген. Қысқа уақыт ішінде зауыт тек қана кеңестік Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Өзбекстанның, Түркменстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның әртүрлі өнеркәсіп  түрлерін маргарин өнімімен қамтамасыз ететін азық-түлік саласының негізгі буындарының біріне айналса, «Провансаль» асханалық майонезі 1965 жылдың өзінде ҚазКСР халық тұтыну тауарларының үздік үлгісі ретінде атап өтілген.   

 

 

1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпорында толығымен техникалық қайта жабдықтау жүргізілген. Негізгі және қосымша өндірістік ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды жаңарту және пайдалануға беру үрдісі әлі күнге дейін тоқтатылмаған.

 

Соңғы онжылдықтар ішінде зауыттың негізгі қоры 100 пайызға жаңартылған. Кәсіпорынды дамыту стратегиясын тар мамандандыру бағытында – шөлмекке құйылған майлар мен тұздық топтары өндірісін өзгерту бойынша шешім белгіленіп, іске асырылды. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы ондаған есеге кеңейтілген. Майонез, кетчуптер, тұздықтар мен астатымдар дайындау және орауыштарға салу саласындағы ең үздік озық технологияларға негізделген өндіріс игерілген. Бұл өнімдердің ТМД елдерінің аумағындағы ең прогрессивті және эксклюзивті орауыш түрлері іске қосылған. Осылайша, тұздықтар тобы бойынша өндірістік қуаты 20 есеге артқан.

Инновациялық даму, шығарылатын өнім сапасын жақсартуға ұмтылу және жаңа түрлерін әзірлеу компанияның табысты дамуының кепіліне айналған.