Холдинг туралы

«Eurasian Foods Corporation» холдингі – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің азық-түлік өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы және маңызды кәсіпорындарының бірі, ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 140 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.

 

Холдинг Қазақстан Республикасы азық-түлік өнеркәсібінің аса ірі екі кәсіпорнынан: Алматы қ. «Eurasian Foods Corporation» АҚ және Қарағанды қ. «Eurasian Foods» АҚ тұрады.

 

«Eurasian Foods Corporation» АҚ
Алматы қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы
«EurasianFoods» АҚ
Қарағанды қ.
Тарихы / Өндіріс / Зауыт туралы

 «Eurasian Foods Corporation» АҚ өндірістік қуаты  жылына 90 мың тоннадан астам өнімді, оның ішінде тұздықтар тобы бойынша 65 мың тоннадан астам өнімді құрайды.

  

Кәсіпорында дайындалатын негізгі шикізат – өсімдік майының жоғары сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін күрделі және жоғары технологиялық заманауи жабдықтарда іске асырылатын бірнеше өндірістік қайта өңдеу жүзеге асырылады.

 

Зауытта келесі өндірістік үрдістер іске асырылған:

 

- өсімдік майын бөлшектеп өлшеу;

- майонез өндіру және бөлшектеп өлшеу;

- кетчуп өндіру және бөлшектеп өлшеу;

- қыша, тұздықтар мен астатымдар өндіру және бөлшектеп өлшеу.

 

 

Майды  бөліп құю, тұздықтар мен астатымдар дайындау цехында төмендегі алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілердің заманауи жабдықтары орнатылған:

 

- майды бөліп құю желісі (Австрия) – өсімдік майын бөлшектеп өлшеу үшін;

- майонездер, кетчуптер мен тұздықтар дайындауға арналған қондырғылар (Швейцария). Орта Азия елдері аумағында тұңғыш рет тұздықтарға көкөністер мен дәмдеуіштердің тұтас кесектерін қосу мүмкіндігі бар өндіріс игерілді;

 

- майонездерді, кетчуптерді және тұздықтарды сашет немесе дой-пак түріндегі полиэтилен пакеттеріне, әртүрлі сыйымдылықтағы шелектерге бөлшектеп өлшеуге арналған автоматтар (Испания, Германия). Кейбір бөлшектеп өлшеу желілерінің Орта Азия елдерінде баламасы жоқ, ал шығарылатын өнім заманауи, экологиялық таза әрі қауіпсіз орауышпен қапталған.

 

- 2015 ж. сәуірде ТМД аумағындағы алғашқылардың бірі саналатын осы саладағы дүние жүзіндегі көшбасшы компаниялардың бірі (Франция) ұсынған өнімділігі тәулігіне 70 тоннадан астам болатын майонездер мен кетчуптерді ПЭТ-шөлмектерге бөліп құюдың инновациялық желісі енгізілді.  Бұл орауыш абсолютті микробиологиялық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді және қосындыларды пайдаланусыз ұзақ уақыт сақтау мерзімін қамтамасыз етеді.

 

Қазіргі уақытта өндірістік үрдістердің барлық дерлік кезеңдері барынша автоматтандырылған, бұл ең жоғары сападағы өнім шығаруға және өндіріс үрдісінде бөгелістерді болдырмауға мүмкіндік береді. 

 

Шығарылатын өнімнің сапасын тұрақты түрде бақылауды және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістің барлық кезеңдерінде заманауи жабдықтармен жарақталған аттестациялаудан өткен меншік физикалық-химиялық зертхана ашылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.

 

Өндірісті жоғары санитарлық-гигиеналық деңгейде ұстап тұру үшін микробиологиялық бақылау жүргізіледі, ол шығарылатын өнімнің шикізатты қабылдау сәтінен бастап дайын өнім шығаруға дейінгі кезеңде тиісті бактериологиялық тазалықты қамтамасыз етеді.