«Eurasian Foods Corporation» холдингі – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің азық-түлік өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы және маңызды кәсіпорындарының бірі, ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін, өнім көлемі жылына 140 000 тоннадан астам болатын май өнімдерін өндірішулер арасындағы республиканың кең танылған үздігі.
Холдинг Қазақстан Республикасы азық-түлік өнеркәсібінің аса ірі екі кәсіпорнынан: Алматы қ. «Eurasian Foods Corporation» АҚ және Қарағанды қ. «Eurasian Foods» АҚ тұрады.
Алматы қ.
Қарағанды қ.
«Eurasian Foods» АҚ өндірістік алаңы Қарағанды қ. орналасқан. Зауыт меншік инфрақұрылымы бар заманауи компания болып табылады.
Аумағы:
- жалпы ауданы - 9,6 га, оның ішінде өндірістік алаң - 2,7 га.
Кәсіпорын меншік электр энергиясын бөліп таратушы қосалқы стансасын, сұйық отынмен жұмыс істейтін меншік қазандығын, су алатын меншік ұңғымаларын қосқандағы барлық қажетті энергетикалық инфрақұрылымдар мен коммуникацияларға ие.
Көлік міндеттерін қамтамасыз ету үшін зауыт меншік темір жол тұйығымен, тепловоздармен, вагон-цистерналармен, сондай-ақ изотермиялық вагондармен жарақталған.
Қойма шаруашылығы:
- май шикізатын бір мезгілде сақтау қуаты - 6 000 тоннадан астам;
- салқындатылған дайын өнімді бір мезгілде сақтау қуаты - 5 270 м² артық;
- қосымша шикізат пен материалдарға арналған алаң - 4 070 м².
Кәсіпорындағы өнім шығаруды қамтамасыз ететін жұмыскерлердің саны 617 адам.
Холдинг кәсіпорнында өндірістің барлық кезеңдерінде: бастапқы шикізатты алудан бастап дайын өнімді шығаруға дейін тұрақты сапа мен қауіпсіздікті бақылау жүзеге асырылады. Бұл үшін зауытта заманауи жабдықтармен жабдықталған өздерінің аттестатталған физикалық-химиялық және микробиологиялық зертханалары сәтті жұмыс істейді, негізгі қағидаттары саясат құжатында мазмұндалған сапа және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі енгізілген: Саясат.